Он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айының кешінде аудан әкімі Ерболат Садырқұлов аудан ақсақалдарының басын қосып, ауызашар өткізді.
Жайылған ақ дастарханға 60-тан аса аудандағы қадірлі ақсақалдар мен ақжаулықты аналар, аудандық мәслихат хатшысы және арнайы қонақ ретінде мешіт жамағаттары шақырылды.
Шарапаты мол айда ауқымды ауызашар өтуі, ораза ұстаған жандарды құрметпен қарсы алуы үлкен ізеттілік деп білген қариялар аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлына ризашылығын білдірді.
Жиын барысында ауыз ашарға келген азаматтар, қасиетті ораза айындағы игі тілектерін арнап, елдің бірлігі, халықтың ауыз біршілігі жолына үндеді.
Аудан әкімі де ақжарма тілегін арнап, өз құттықтауын жеткізді.
Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы