Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады. Бүгін Арыс қаласы Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті жиыны өтті. Жебел Достанов төрағалық еткен жиынға, қала әкімінің орынбасары Е.Қуандық, Қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беретін тиісті бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңестің отырысында төмендегідей мәселелер қаралды:
Атап айтсақ, Халықты жұмыспен қамту орталығының 2022 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі мен 2023 жылы атқарылатын жұмыстары туралы, Арыс қаласының Жұмыспен қамту орталығының басшысы Е.Медетбеков, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 2022 жылы атқарған жұмыстарының мәліметі және 2023 жылы атқарылатын жұмыстары туралы, Арыс аудандық Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы А.Қалыбекова, Монтайтас ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі мен 2023 жылы атқарылатын жұмыстары туралы, Монтайтас ауылдық округінің әкімі Е.Ахметов, Сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2022 жылғы атқарған жұмыстары мен 2023 жылы атқарылатын жұмыстары туралы, Арыс қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Н.Жанбатыр толық баяндап өтті.
Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.