Тағайындау

ҚР ІІМ М. Ахметжановтың бұйрығымен, департамент бастығының ұсынысымен полиция подполковнигі Бауыржан Батырханұлы Қуатов Арыс аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бауыржан Сапар таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Полиция подполковнигі Бауыржан Қуатов ішкі істер саласында түрлі басшылық қызметтерде абыройлы еңбек еткен.

Бұған дейін Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.