Аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмахановтың қатысуымен қоғам қайраткері Шеген Қодамановтың 120 жылдығына арналған «Елін сүйген Ерге құрмет» атты шахматтан ардагерлер арасында аудандық турнир өтті.Шараға, «NurOtan» партиясының Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Сыздық, Шеген Қодамановтың ұлы қоғам қайраткері Б.Шегенұлы, аудандық билер кеңесінің мүшесі Т.Баймағамбетов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.Шараның ашылуында, аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов қоғам қайраткері Шеген Қодамановтың 120 жылдық мерейтойына арналған «Елін сүйген Ерге құрмет» атты шахматтан ардагерлер арасында турнирдің ашылу салтанатымен құттықтады.Есімі қазақ еліне мәшһүр Шеген Қодаманов ағамыз 1901 жылы Шиелі ауданы, Ақмая ауылында дүниеге келген. 1919-1923 жылдары жас Түркістан республикасына ұлттық кадрлар даярлау үшін арнайы ашылған Ташкент темір жол техникумында дәріс алды. Білім ала жүріп, белгілі қоғам қайраткерлері Ғ.Мұратбаев, С.Қосжанов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ә.Диваев, И.Тоқтыбаев сынды тұлғалы азаматтарының қамқорлығында болды. Оқуын 1923-1925 жылдары Санкт-Петербургтағы Я.Свердлов атындағы Коммунистік жоғары оқу орнында (КомВУЗ) жоғарғы партиясында білімін жалғастырды. Аталған оқу орнын ойдағыдай тәмамдаған соң, Ташкентке қайта оралып, жас Түркістан мемлекетін құруға ат салысады. 1926-1927 жылдары Гурьев облыстық партия комитетінде үгіт-насихат бөлімінің, өлкелік партия комитетінде мал шаруашылығы секторының меңгерушісі қызметін атқарады. Шеген Қодаманов ағамыз 1927-1929 жылдары 26 жасында, Құрманғазы ауданының бірінші хатшы, 1929-1931 жылдар аралығында Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінің құрамында, Гурьевск облыстық комитетінің және 1931-1934 жылдары Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған, – деді аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов.Сонымен бірге, Шеген Қодамановтың ұлы Бақытжан Шегенұлы турнирде сөз алып, осы ұйымдастырылып жатқан шараларға ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.Қазіргі таңда, ауданымызда шахмат ойынына даярлайтын 3 штаттық жаттықтырушы жұмыс істейді. Ауданымызда 150-ге жуық азаматтар осы шахмат ойынымен шұғылданып жақсы нәтижелер көрсетуде. Бүгінде киелі Шиелі жерінде жыл сайын еліне, отанына, туған жеріне адал қызмет еткен жандарға құрмет көрсетіліп, оларды еске алуға арналған мәдени, спорттық 150-ге жуық аудандық, 6 облыстық, 3 республикалық іс-шаралар өткізіліп келеді. Қай кезде де ел мүддесін бәрінен биік қойған, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямаған, ұрпағының бойына ұлылық ұялатқан Шеген Қодаманов осындай мақтау мен мадаққа лайық азамат.Шара соңында, аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов болашақтың қалауын даярлап, қалың жұртқа қызмет еткен ардагерлерге зор алғысын білдіріп, бүгінгі турнирге қатысқан ардагерлерге сәттілік тіледі.
Шиелі ауданы әкімдігі