Биыл Шиелі ауданының бюджет кірісі 22 млрд. 401 млн.теңгеге жоспарланды. Кіріс 2 млрд. 442 млн. 497 мың теңгеге болса, 2 млрд. 776 млн 681 мың теңгеге орындалды. Трансферттік түсімдер 15 млрд. 581 млн. 975 мың теңгенің барлығы 100 пайызға орындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шиелі ауданының әкімі Нариман Мақұлбеков хабарлады.
«Ал, аудандық бюджеттің шығыстары 2021 жылға барлығы 24 млрд. 507 млн. 450 мың теңгеге жоспарланды. «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша Шиелі ауданына 4 млн. 375 мың 500 теңгеден 97 маманға барлығы 424 млн. 424 мың теңге қаржы бөлініп, тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтiк қолдау шаралары көрсетілді. Ауылдық елді мекендерге жұмысқа және тұруға келген мамандарға көтерме жәрдемақыға – 6 млн. 878 мың теңге бөлініп отыр. Қазіргі таңда бюджеттік кредит алу үшін – 118 маман, көтерме жәрдемақы алу үшін – 525 маман кезектілікте тұр», — дейді Нариман Әскербекұлы.
Сондай-ақ, биыл ауданда 2040 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, 10 айдың қорытындысымен 3297 жаңа жұмыс орны ашылды. Халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелген 5014 жұмыс іздеушінің 1751- і бос жұмыс орындарына орналастырылды.
Ал, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге барлығы 1 млрд. 126 млн. 856 мың теңге қаржы қаралған. Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмекті алуға 1810 отбасының 9216 мүшесіне 473 млн. 505 мың теңге тағайындалып, 1750 отбасының 8906 мүшесіне 460 млн. 740 мың теңге төленді.
Шиелі ауданы әкімдігі