Балалар қауіпсіздігін бірлесе сақтайық!

Қылмыстардың көпшілігі түнгі уақытта орын алады. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта бейберекет жүруі оларға қарсы немесе олармен құқық бұзушылықтың орын алуына жағдай жасайды.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың жарлығымен 2022ж. «Балалар жылы» болып жарияланды.Сондықтан Шиелі ауданы прокуратурасының бастамасымен уәкілетті органдармен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 83 дүкен иелеріне алкоголь өнімінің айналымындағы белгіленген шектеулер жөнінде түсіндірме жүргізілді. Сондай-ақ 22:00-ден кейін 9 ойын сауық орындарында (PlayStation, компьютер клубтары) кәмелетке толмағандардың болу жағдайына қарау жүргізілді. Шиелі кентінің орталығында орналасқан playstation клубында 6 жасөспірімдер анықталып, кінәлі тұлғаларға әкімшілік шара көрілді. Әрбір ата-ана бала үшін негізгі жауаптылықта болады. Сондықтан балалардың бос уақыттарын тиімді үйлестіріп, аса көңіл бөлуге шақырамыз.

Шиелі ауданының прокуратурасы