Жазғы шомылу маусымының қорытындысы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте баяндалды. Бас спикер болып Шымкент қаласының ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы капитан Нұржан Қаракөзев сөз сөйледі. Жазғы шомылу маусымында халықтың арасында профилактикалық жұмыстар белсенді жүргізілді. Бұндай іс-шараларға еріктілер, білім басқармасы, полиция департаментінің қызметкерлері де қатысты. Таратылған үгіт-насихат жаднамаларға, өткізілген рейдтер мен жиынға қарамастан шомылу маусымының қорытындысы бойынша қалада 2 жазатайым оқиға тіркелді. Еке жағдайда да адам факторы орын алды: жас бала ата-анасының қауынсыз қалды, ал ер азамат өз күшін есептемей, тыйым салынған жерде суға түскен. Жедел-құтқару жасақтың 55 құтқарушысы су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Құтқарушылардың қырағылығы арқасында 2 адам құтқарылды.Спикер сөз соңында өнірде ыстық күндері әлі орын алатындығын, суға шомылу тоқталмайтындығын ескертіп, сақ болуға шақырды.
Шымкент қаласының ТЖД