Білім күнінде аудан әкімі аппаратынан кәсіподақ ұйымы ашылды

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен және жұмыскерлерімен «ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері өткізген кездесуі мен жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде аталған мемлекеттік мекемеде «1 қыркүйек – Білім күнінде» бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды.Ұжымдағы қызметкерлер 100% кәсіподақ мүшелегіне тартылды.Кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Бағлан Сансынбайұлы Өтеулі, ал тексеру комиссиясының төрағасы болып Самат Дүйсенұлы Нұрманов сайланды. Жұмыс беруші мен кәсіподақ комитеті арасында ұжымдық шарт жасалып, жалпы жиналыста талқыланып, бекіту туралы қаулы қабылданды.Ұжымдық шартқа жұмыс беруші тарапынан Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлы Есілбек және жұмыскерлердің атынан кәсіподақ комитетінің төрағасы Бағлан Сансызбайұлы Өтеулі қол қойып, оны Шымкент қаласының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына тіркеуге жолдады.Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымын филиал құрамына қабылдау және еңбек қатынастары бойынша көмек көрсету мен жұмыскерлердің құқын қорғау жұмыстарын бірлесе жүргізу бойынша Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Бағлан Сансынбайұлы Өтеулі және «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов өзара қарым-қатынастар жөніндегі келісім-шартқа қол қойды.

Кәсіподақтар орталығының баспасөз қызметі