Шымкент қаласындағы жаңа атшабарда алғаш рет ат спортының конкур түрінен қала біріншілігі өтіп жатыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» ұраны аясында ұйымдастырылған ат бәйгесінде жасөспіріммен қатар ересек шабандоздар да бақ сынасуда.
Бүгінгі жарыста «Пайдахар» есімді атымен манежде өнер көрсеткен жас спортшының бірі — Іңкар Адихан. Он бес жастағы шабандоз қыз 5 жылдан бері ат спортына белсенді қатысып, қазір спорт шеберлігіне үміткер. Шабандоздың тұлпары Алғаш алаңға шыққанда тұлпары 11 кедергіні тұяқ серпітпей секіріп өтті.
Шымкент республикалық мәртебеге ие болғаннан кейін ат спорты саласындағы майталман жаттықтырушылар мен шабандоздар Түркістан облысында қалып қойды. Қалалық ұлттық және ат спорты түрлері кешенді спорт клубының директоры Данияр Мыңбаевтың айтуынша, Шымкент өзінің жаттықтырушылар мен спорт шеберлерін енді жетілдіріп, бүгінгі конкур соның бір айғағы.
—Биыл пайдалануға берілген атшабарда ат спортының конкур түрінен жарыс алғаш рет өтіп жатыр. Жарыста үш бағыт бойынша кедергілердің биіктігі нақтыланған. Ересектердің аты 120-130 см, жастар 100-110 см, ал ең кіші шабандоздардың аты 90-100 см биіктіктен секіріп өтуі тиіс. Жалпы, қазір атшабарда ат спортымен 40-қа жуық шабандоз жаттығады. Бұл олимпиадалық спорт болғандықтан әлемдік жарыс чемпионы атанатын спорт шеберлерін жетілдіруге барымызды салып жатырмыз, — деді Данияр Бақтиярұлы.
Шымкенттік атақты спортшы, ел кубогының жеңімпазы Екатерина Орловская конур алаңының талапқа сай екендігін атап өтті. Енді мұнда Қазақстан чемпионатын өткізуге болады. Ат спорты біздің қазақтың қанында бар ұлттық спорт түрі. Конкур спорты олимпиада ойындарының бағдарламасына енген. Олимпиада қарсаңында конкур спортын Шымкент қаласында дамытуда жаңашылдықтар орын алуда. Әлемдік деңгейде саңлақтарды дайындауда игілікті естер атқарылатын болады. Әсіресе, жастар жағы конкур спортына деген қызығышлық өте жоғары.