Жақсы істер барлығына жеткілікті!

«Жастар қауіпсіздік үшін» акциясы аясында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің ТЖ жою бөлімінің қызметкерлері «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен бірлесіп мүгедектерге, жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға көмек көрсетуде.Бірлескен акция Абай ауданының Жаңаталап елді мекеніндегі Көкбұлақ тұрғын алабында өтті. Құтқарушылар мен еріктілер Ағыбетата көшесінің жалғыз тұратын тұрғынына қамқорлық көрсетті.Көмекшілер әртүрлі тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектеседі: ауланы және жеке учаскені қоқыстардан тазарту, өрт дабылққақышты орнату. Төтенше жағдайлар департаменті жыл басында «Жас Отан» жастар қанатымен, Жастар ресурстық орталығымен Меморандум жасасты, оған сәйкес бірлескен профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Жыл басынан бері 300-ге жуық іс-шара өткізілді. ТЖ өкілдері үй иелігін өртке қарсы ұстау бойынша ұсыныстар берді, күзгі-қысқы жылыту кезеңі қарсаңында пешпен жылытуды қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелерін айтып беріп, сигнализаторды орнатудың маңыздылығын еске салды.Қазіргі уақытта халықтың әлеуметтік осал топтарында түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылуда. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін аудан әкімдіктерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын мыңнан астам отбасы үшін өрт датчиктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, құрылыс басқармасы екі мыңнан астам үйде (2192) газдануды автоматты бақылау жүйесін орнатты. Жақын арада мұндай жүйені 2424 үйге орнату жоспарлануда. Өткізілетін іс — шаралардың тікелей нәтижесі-өрттердің санын азайту. 2021 жылдың есептік кезеңінде 131 өрт тіркелді, 12% төмендеді. Қаза болғандар жоқ, зардап шеккендер 2 адам, 78% — ға азайды. Өрттердің көпшілігі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, атап айтқанда электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі қысқа тұйықталу және отты абайсыз пайдалану (темекі шегу) салдарынан орын алды. Тұрғын үй қорындағы өрттің алдын алу мақсатында ТЖД еске салады:- желіге қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;- электр сымдарының жарамдылығын қадағалаңыз, электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз, қолдан жасалған электр аспаптары мен»қоңыздарды» қолдануға жол бермеңіз;- жас балаларды жалғыз қалдырмаңыз, оларды қауіпсіздік ережелеріне үйретіңіз;- өрт болған жағдайда құтқарушыларға 101 немесе 112 телефон нөмірлері бойынша қоңырау шалыңыз.

Шымкент қаласы ТЖ департаменті