Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, бейтаныс азамат жер учаскесіне газ құбырын жүргізіп беремін деп, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 150. 000 теңге ақшасын иемденіп кеткендігін жазып, көрсеткен. Аталған жайт бойынша, тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде. Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер, Сіз, алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі