«Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»

Еліміздің Президенті биылғы жыл – Балалар жылы деп жариялаған. Осыған орай балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан жоспар әзірленіп, қала аумағындағы барлық білім мекемелерінде және мектепке дейінгі білім мекемелерінде 1 наурыздан 30 наурыз аралығында «Қауіпсіздік айлығы» жарияланды. Жалпы орта мектеп оқушылары арасында эстафета, интерактивті сабақтар, сейсмикалық жаттығулар және техникалар мен авариялық -құтқару құралдарының көрмесі, эвакуациялық жинау пунктінің жұмысы практикалық түрде өткізілуде. Осындай іс-шаралардың бірін Абай ауданы ТЖ басқармасының мамандары Хамза атындағы №42 мектепте ұйымдастырып өткізді.Мектеп оқушылары арыснда «Улы газдан сақ бол» және «Өртсіз балақ шақты өткеру» тақырыптарында сурет салу сайысы өткізілді. Орта буын сыныптарда «Өрт қауіпсіздік ережелерін білесін ба» атты ашық сабақтар ұйымдастырлды.Ал жоғары сынып оқушылары қызықты эстафетаға қатысты. Олар жарақат алған адамға бірінші көмек көрсету, газқағарды уақытқа кию және эстафетаның тағы да басқа сынақтарынан өтті. Эстафета көңілді, қызықты достық қалыпта және спорттық атмосферада өткізілді. Үздік шыққан топтарға Абай ауданы ТЖБ бастығы а.қ. полковнигі Ғ. Муратовтың атынан дайындалған алғыс хаттар дайындалып, сыйлақтар табысталды.Жалпы бұл шаралардың басты мақсаты — азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау, төтенше жағдайлардың алдын алуды іске асыру, оқушыларды қандай да бір сыни жағдайда өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету, демек, қайда және қалай баруын, өздерімен қандай заттар алуын және басқада іс-қимылдарды үйрету. Сонымен қатар төтенше жағдайлардағы іс-әрекет дағдыларын және білімін жетілдіру болып табылады.

Шымкент қаласы ТЖД