Түнгі кезекшілікке түскен ЖБО-ның бейнебақылау инспекторлары қала көшелерінің бірінде достарының ортасында қолына түтік ұстаған күдікті жігітті байқады. Тексеру үшін оқиға орнына патрульдік полицейлер мен учаскелік полиция қызметкерлері жіберілді.
Мұны күтпеген жігіт есірткі шегуге арналған түтіктен дереу құтылуға тырысып, тәртіп сақшыларының көзінше оны лақтырып жіберген. Алайда, оның бұл әрекеттері көше бейнекамераларына түсіп қалды.
Сонымен қатар, ұсталған адам шұлығына марихуананың пакетке салынған бір реттік дозасын жасырғаны анықталды. Полиция қызметкерлшері есірткі затын тәркіледі.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша тергеп жатыр.
Осыған байланысты, Шымкент қаласы полиция департаменті есірткінің аса қауіпті екенін ескертеді. Есірткіге тәуелді болмаудың жалғыз жолы-оларды ешқашан сынап көрмеу!
Шымкент қаласының ПД