Кәсіподақ үздіктері құрмет тұғырынан көрінді

10 қазан – кәсіподақтар күні» мерекесіне орай, Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамындағы мекемелердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенді мүшелерінің салтанатты жиыны өтті.

         Жиында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов жиынға қатысқан кәсіподақ белсенділерін құттықтап, биылғы жылы осы салада көптеген жетістіктерге ие болғанын, оның ішінде кәсіподақ негізгі жұмысының бірі – 11 мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымдары ашылып, оған 924 адам кәсіподақ мүшелегіне тартылғаны ерекше атап өтілді.

         Жалпы бұл саланың мекемелердегі ұйым саны 49-ға жетіп, ал кәсіподақ мүшелерінің саны 3 мыңға жуықтаған. Филиал құрамындағы мекемелер 100% немесе толығымен 2022-2026 жылдарға, яғни 5 жылға арналған ұжымдық және келісім шарттар жасап, тіркеуден өткізілген. Сондай-ақ, осы сала бойынша үлгілі жұмыстар республиканың басқа өңірлеріне таратылып отыр.Кәсіподақ мүшелерінің осы жұмыстары бағаланып, мереке қарсаңында 40 адамға марапаттар табысталды.Соның ішінде, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген іс-шарада «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесхановқа Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» медалі табысталды.

         Ал, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада «Қызмет» салалық кәсіподағының «Кәсіподақ қайраткері» медалімен 2 адам, «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен 3 адам, «Құрмет грамотасымен» 2 адам, «Алғыс хатымен» 2 адам, Шымкент қалалық маслихатының «Алғыс хатымен» 2 адам, Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» 2 адам, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» 1 адам, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» 10 адам және «Алғыс хатымен» 15 адам марапатталды.

Ntime.kz