Шымкент қаласында «Жүрек орталығының» дәрігерлері жүрек алмастыруды қажет ететін науқасқа LVAD қондырғысын орнатып берді. Жоғары технологиялық операцияны дәрігерлер жүрек жеткіліксіздігі бар 60 жастағы науқасқа жасады. Ота сәтті өтті деді дәрігерлер.
Операциядан шыққан науқас қазір Жүрек орталығындағы дәрігерлредің бақылауында жатыр. Жасанды қондырғы арқылы науқастың жүрек қызметі жақсарды дейді дәрігерлер. Мұндай қондырғыны мамандар ауыр халге шалдыққан науқастарға кардиохирругиялық жолмен орнатып береді екен. Бұл бүгінге дейін жергілікті кардиологтардың науқасқа LVAD аппаратын орнатқан 10-шы отасы.
«Жүрек орталығының» жүрек жеткіліксіздігі бойынша координатор-дәрігері Айнаш Балабекова «Мұндай науқастар қимыл-әрекет еткен кезде ентігіп, әлсіреп қалады. Салдарынан 10-15 қадам жасай алмай, бір бөлменің ішінде ғана өмір сүреді. Ал LVAD имплантациясы мұндай науқастардың жүрегінде қанды қажетті деңгейде айналдырып, қалыпты өмірге оралуына, қоғамдық орындарда жұмыс істеуге, тіпті спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді. Ал, қазіргі науқасымыз отаның ертеңіне-ақ орнынан тұрып, біршама жүріп, әрекет ете бастады”.
Дәрігерлердің айтуынша, жүрек жеткіліксіздік дертіне шалдықпау үшін ең алдымен басқа да жүрек ауруларының алдын алу керек.
Айта кетейік LVAD-жүрекке қоса берілетін хирургиялық жолмен имплантацияланған механикалық сорғы. LVAD жасанды жүректен ерекшеленеді. Жасанды жүрек толық жүректі алмастырады, ал оған аз жұмыспен қанды көп айдауға көмектесу үшін жүрекпен LVAD жұмыс істейді. Ол сол қарыншадан үздіксіз қан алу арқылы жасайды және оны қолқаға жылжытады, содан кейін бүкіл денеге оттегімен байытылған қан жеткізеді.
Бүгінде жүрек жеткіліксіздігі диагнозымен қалалық «Жүрек орталығына» науқастар тіркеліп, тиісті медициналық көмек алып жатыр.