Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 17 жағдай тіркелген болса, 6 науқас емделіп шықты деп хабарлайды Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.
Жалпы, 2020 жылдың 24 наурызынан 2021 жылдың 16 наурызға дейінгі аралықта қала бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 6389-ға жетіп, оның 5735-і дертінен айыққан.Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 67 адам ем қабылдап жатыр.Сондай-ақ, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 1 адам дертке шалдыққан. Жалпы жыл басынан бері 1473 адамға пневмония диагнозы қойылған, 5641 адам емделіп шықты. Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы «жасыл» аймақта тұр. Десе де бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.