Шымкент қаласы бойынша қазынашылық департаментінде еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен мемлекеттік органдарды жобалық басқару бойынша кеңес өтті.
Іс-шараға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Мемлекет басшысы бекіткен алдағы 5 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндірді.
Сондай — ақ, кеңеске қатысушыларға жобалық басқару бағыттарының бірі-сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сияқты жобалардан тұратын №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» (ҮББ-4) үлгілік базалық бағытының негіздері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
ҮББ-4 іске асыру Орталық аппараттардың, сондай-ақ ведомстволардың, аумақтық бөлімшелердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қамтитындығы қатысушылардың назарына жеткізілді.
Айта кетейік, осы тұрғыдағы кездесулер Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұжымымен ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті