Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы ұлттық құрылтайдың құрамына енді

Бүгін Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай құру туралы Жарлыққа қол қойып, оның ережесі мен құрамы бекітілді. Құрылтайдың жаңа құрамына ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы енді.
Ұлттық құрылтай – ел Президенті жанындағы консультативтік-кеңестік орган. Ұлттық құрылтай жұмысы қоғамдық бастамалар негізінде жүзеге асырылатын болады. Құрылтай ел дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғамды жұмылдыруға арналған.
Ұлттық құрылтайдың құрамында жалпы 117 қатысушы бар. Жаңа құрылым Ұлттық кеңестің қызметін жалпыхалықтық деңгейде жалғастырады. Ол жалпыұлттық диалогтың әмбебап моделіне айналады.
Құрылтай құрамына депутаттар, Ассамблея мүшелері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, барлық өңірлердің, сондай-ақ Азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың және өндіріс саласының өкілдері бар.
Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтеді.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы