Шымкент қаласы аумағында ағымдағы жылдың 12-қазанынан бастап «Автомобиль» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.Іс-шараның мақсаты – қала аумағында көлік құралдарын жүргізушілердің оның ішінде мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілерінің көлік жүргізу тәртібін арттыру мен жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзу мен жарақаттанушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету, әсіресе мемлекеттік белгілері шетелдік көліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.Жедел-профилактикалық іс-шараның жетінші күнінде көлік жүргізушілермен жасалған 4504 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілермен жасалған 275 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 27 автокөлік арнайы автотұраққа қойылған.Атап айтқанда: ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзған – 17 (ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі), техникалық байқаудан өтпеген – 20 (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі), ұялы телефон пайдаланған – 6 (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы), бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту – 8 (ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы) тұлғаға хаттама толтырылды. Қозғалыста жаяу жүргіншіге басымдық бермеген — 3 (ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы), қауіпсіздік белдігін тақпау – 26 (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі), авариялық жағдай туындатқан — 2 (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы), көлік құралын мас күйде басқарған — 2 (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы), тиісті құжатсыз басқарған – 13 (ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1 және 2-бөлігі), жол бетін ластаған – 33 (ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 1-бөлігі) жүргізуші анықталған. Сондай-ақ, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 129 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған.Айта кету керек, іс-шара ағымдағы жылдың 10-қарашасына дейін жалғасын табады. Осындай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі