Арнайы мамандармен кездесу өтті

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда «Ырыс алды ынтымақ», «Ұлтаралық татулық», «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» тақырыптарында жоспарлы түрде арнайы мамандармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты — кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, кереғар діни ағымдар мен секталар туралы ағарту жұмыстарын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Жасөспірімдердің спортқа, өнерге, мәдениетке қызығушылығын арттыру.

Оқушылармен кездесуге келген арнайы мамандар:

1. Шабданбекұлы Ұлан – Шымкент қ., №18 ОРМБЖСМ (Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі), директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

2. Өрісбаев Еркінбек – Шымкент қ., №18 ОРМБЖСМ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

3. Әбдрахман Бекбол — қол күресі (Армрестлинг) спорт түрінен Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы:

— Әлем бойынша 2 дүркін жүлдегері;

— Әлем бойынша 2 дүркін жеңімпазы;

— ҚР Чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы.

4. Мендешова Бибігүл Айдынгалиевна – дәрігер-нарколог

5. Амангелді Нұрдаулет — Шымкент қаласы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы

6. Тасмахан Нұрсұлтан Бегімбетұлы – Шымкент қ., Еңбекші ауданы әкімінің аппаратынан.

➢ Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;

➢ Нашақорлық – қауіпті індет. Оның адам ағзасына тигізер кері әсері, себеп-салдары мен түрлері;

➢ Кәмелеттік жасқа толмаған қыздар арасындағы ерте жүктілік мәселесі, оның алдын алу жолдары;

➢ Оқушылар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу;

➢ Адам саудасы және онымен күрес; статистикалық мәліметтер;

➢ Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы;

➢ Кереғар діни ағымдар мен секталардан сақтанайық!

➢ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері;

➢ Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау тақырыптарында оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиын барысында мамандарға сала бойынша сұрақтар қойылды. Оқушылар бүгінгі кездесуден жақсы әсер алып, уақыт бөліп келген мамандарға өз алғыстарын білдірді.