Шымкент қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ағымдағы жылдың қаңтар және шілде айларының аралығында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында мас күйінде көлік құралын басқарған 371 жүргізушіні ұстады деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі. Аталған жүргізушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.Заңнамаға сәйкес жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.Полиция қызметкерлері автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін, сондай-ақ мас күйде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік туралы еске салады.