Түркістан облысының полицейлері 1 ай бұрын жоғалып кеткен және халықаралық іздеу жарияланған жас келіншекті аман-есен тапты

Бір айдан астам уақыт өтті аяғы ауыр жас келіншектің із-түссіз жоғалып кетіп, Түркістан облысының полицейлерімен іздестіріліп жатқанына. Міне бүгін жүйелі жоспармен әрекет еткен полицейлер сүйінші жаңалық әкелді. Нақтырақ айтсақ, осы жылдың 24 ақпанында Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөліміне жоғалған жас келіншектің анасы арызданды. Ол өз арызында үйінде жүрген аяғы ауыр қызының ауруханаға кеттім деп, сол күйі із-түссіз жоғалғанын жазып, көрсетеді. Жоғалған жас келіншекті тез арада табу бойынша Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов тәртіп сақшыларына шұғыл тапсырма беріп, бұл жайтты жеке бақылауына алды. Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов бастаған тәжірибелі полицейлер тобы жұмылдырылды. Сонымен қатар аудандық полиция басқарма, бөлімдерінен де полицейлер тартылды. Бұған дейін де Сауран аудандық полиция бөлімінің полицейлері ақпараттар бойынша Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Тараз, Шымкент, Алматы қалаларына іссапармен шығып, іздестірген болатын. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, жоғалған жанды табуға еріктілер де қатыстырылған. Іздеу жұмыстары саралана келе халықаралық іздеу ісі арналды. Жас келіншектің жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге барлық аумақтағы полицейлерге жолданып, адамдар көп шоғырланған орындарға ілінді. Жалпы айтқанда полицейлер, жас келіншекті жедел табу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізді.Осылайша күндіз-түні әрбір қадамды бақылап, сараланған жұмыстар өз нәтижесін берді. Із-түссіз жоғалған Назым Алдаш аман есен түнгі уақытта Жамбыл облысы Жаңатас қаласынан табылды.Полицейлердің анықтауынша Назым азаматтық некедегі жұбайымен бірге жүрген. Жоғалған жас келіншектің із-түссіз кетуіне кім немесе қандай жағдай себеп болды, жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Осы тұста жоғалған жанды іздеуге көмектескен әрбір адамға шексіз алғысымызды айтамыз!

ТО ПД баспасөз қызметі