Шымкенттік полицейлер балаларға жол жол жүру ережелерін үйретуде

Ағымдағы жылдың 23-31-тамыз аралығында «Абайлаңыз – балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі. Осы іс-шара аясында Әл-Фараби АПБ Ювеналдық полиция тобының қызметкерлері бекітілген білім беру ұйымдарында жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Өз кезегінде, жаңа оқу жылында мектеп инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті таңғы сағат 07:30-08:30, түскі сағат 12:30-14:30 және кешкі сағат 17:30-19:30 уақыт аралығында қала аумағындағы барлық мектептің маңындағы жолдардан оқушылардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарады. «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты — автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау болып табылады.



Be the first to comment on "Шымкенттік полицейлер балаларға жол жол жүру ережелерін үйретуде"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*