Игі істе бірге болайық!

Қайырымдылық-қайырлы іс. Түрлі оқыс оқиғаларға тап болып, қан құю қажет болған ересектер мен балалар үшін донор болу – бұл үлкен игі іс. Адамдарға үнемі көмек қолын созу үшін асығатын, олардың өмірін құтқару үшін өз өмірін қауіпке тігетін өрт сөндіруші және құтқарушылар да бұл қайырымдылық шарасынан қалыс қалған емес. Шымкенттік өрт сөндіруші және құтқарушылар тұрақты түрде арнайы орталықта донор болып, қан тапсырады. Тіпті арамызда сирек кездесетін қан тобы бар қызметкерлеріміз қажет кезде көмегін аяған емес. Бұндай іс-шара сонымен бірге жас мамандарымыздың бойында мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге септігін тигізеді. Осы орайда 28-29 қазан күндері Қалалық қан тапсыру орталығында Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 50-ге жуық жеке және офицерлік құрамы қан тапсырып, донор болды. Іс-шара барысында Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі С. Шойманов «Отырар» телеарнасына өткізілген акция туралы сұхбат берді.

Шымкент қаласы ТЖД