Шымкенттің туристік әлеуетін арттыру мақсатында блог — тур ұйымдастырылды

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ол туризмді дамыту. Туризмді дамыту арқылы еліміздің экономикалық жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болады. Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын қалыптастыруға, сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің біріне айналып үлгерді.

Шымкенттің туристік әлеуетін арттыру мақсатында қаламызда «VISIT SHYMKENT» туристік ақпараттық орталығы құрылған болатын. Аталмыш туристік ақпараттық орталығының негізгі мақсаты – туристер мен қала қонақтарына «бір терезе» қағидасы бойынша ақпараттық-консультативтік көмек көрсету. Қала аумағында туристер көп шоғырланатын әуежай, темір жол вокзалы және саябақтарда  ақпараттық дүңгіршектер қызмет атқарады. 

Қалада ескі қалашықта “VISIT SHYMKENT” туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен еліміздің Астана, Алматы, Ақтау қалаларынан сонымен қатар көршілес Қырғыстан, Өзбекстан, Россия, Азербайджан, Германия елдерінің блогерлері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен блог — тур ұйымдастырылды.

Турдың басты мақсаты Шымкент қаласының тарихын насихаттай отырып, оның беделін арттыру.

Осы ретте тарихы терең көне шаһардың өткені мен бүгіні әр бір туристті қызықтырды. 50 жуық ақпарат өкілдері экскурсия барысында қызығушылық танытып, түрлі сайттарда кешен туралы жағымды пікірлер қалдырды.

Айта кетсек, Шымқала кешені Жергілікті маңызы бар, тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген болатын.

Бұл археологиялық нысан жасалуы мен дизайны жағынан өзінің тұпнұсқасын, бастапқы келбеті мен бекініс жүйесін сақтаған Шым шаһарымыздың орталығынан орын тепкен көне ескі қалашық.

2003-2020 жылдар аралығындағы археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде Ескі қалашықты ашық аспан астындағы музейлендіру жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы 1-ші мамырда «Шым қала» тарихи –мәдени кешені» деп аталып, келушілерге есігін ашты.