Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен балалар ауруханасы «Nanoduct» жаңа аппаратымен жабдықталды. «Nanoduct» құрылығысы — жүйесінің миниатюралық компоненттері арқылы нәрестелерге оңай сәйкес келеді. Бұл тек нәрестелер үшін ғана емес, сонымен қатар кез-келген жастағы пациенттер үшін процедураны жеңілдететін толықтай интеграцияланған диагностикалық жүйе болып табылады.Жаңа құрал көмегімен қалалық дәрігерлер жаңа туылған нәрестелердегі муковисцидоз(тұқым қуалайтын) ауруын тез анықтайды және уақытылы ем-дом жасай алады. Айта кетейік, осыған дейін бұл ауру түрін жергілікті дәрігерлер Алматы қаласындағы балалар хирургиясы және педиатрия ғылыми зерттеу орталығына жолдама беру бойынша анықтаған.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы