Шымкентте сейсмологиялық станцияның жаңа ғимараты салынады

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Шымкент» сейсмологиялық станциясының жұмысын тексерді.

Станцияда сейсмикалық деректерді жинау, талдау, өңдеу, қашықтықты, жер сілкінісі ошақтарының классын, магнитудасын және бағытын анықтау жұмыстары жүргізіледі. Мұнда 3 жұмысшы қызмет атқарады. 1927 жылдан бері жұмыс істеп келе бекеттің ғимараты бүгінде әбден тозығы жеткен.

Аталған станцияның жай-күйімен танысқан қала басшысы жауаптыларға жаңа ғимарат салуға тапсырма берді.