«Шымкент дауысы» балалар вокалдық байқауы өтті

Дарынды балалармен жұмыс білім мекемелері мен мемлекет қолдауын қажет ететін үздіксіз процесс. Қай мемлекеттің де негізгі тірегі — білімді де, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Дарындылық-белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі.

Шымкент қаласы білім басқармасының Қосымша білім беру оқу салалық орталығы және №1 Оқушылар сарайы бірлесіп қалалық «Шымкент дауысы» балалар вокалдық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты — дарынды балаларды анықтау және қолдау мүмкіндіктерін пайдалану, жас әншілердің орындаушылық шеберлігін арттыру. Ережеге сәйкес, байқауға қаланың мектептен тыс мекеме және жалпы орта білім беретін мектептердің вокалдық орындаушылары қатысты.

Гала концерт Оқушылар сарайының «Еркетай» би-ансамбілінің «Ер тұран» биімен ашылып, «Алтын Ғасыр» вокалды тобы «Шіркін-лайф» әні орындалды. Өткен жылғы «Шымкент дауысы» байқауының жеңімпаздары концертте өз өнерлерін көрсетіп, қатысушылардан құралған «Біз біргеміз» флеш композициясы қойылды. Байқау соңында қатысушылармен бірге «Елге тілек» әні барша көрермендермен бірге орындалды.

Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орын №4 «Сайрам» балалар саз мектебінің оқушысы Сабыр Ернұр мен Ташқұл Айтмұхамед иеленсе, ІІ орын Джунисова Анель мен №3 «Саз» мектебінің оқушысы Сәрсенов Мейіржан иеленді. І орынды Жастардың уақытын тиімді пайдалану орталығының оқушысы Еңлік Байзах иеленді. №137 жоббм оқушысы Жандарбек Інжу Бас жұлдені жеңіп алды. Жеңімпаздарды арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен қосымша білім беру орталығының директорының міндетін атқарушы Гүлнар Ахметбекова және №1 Оқушылар сарайының директоры Бақытжан Мустафаев табыстады.