Полицейлердің қызметтік міндетті атқару үшін қаншалықты талапқа сай екенін тексеру мақсатында олардың саптық жүрісі, құжаттары мен құрал-жабдықтары, сыртқы келбеті мен нысанды киім үлгісі жіті назарға алынды.
Саптық байқау бір уақытта полиция департаментінде және оған қарасты аудандық басқармаларда, сондай-ақ патрульдік полиция полкінде өтті.
Тәртіп сақшылары департамент ғимараттарының алдындағы алаңда сап түзеді. Шара барысында белгіленген нысанды киімді кию ережелерінің сақталуы, қызметтік куәліктерінің атқаратын лауазымы мен атақтарына сәйкестігі мұқият тексеріліп, полицейлердің саптық дайындығына баса назар аударылды.
Тексеру қорытындысы бойынша басқарма бастықтарына анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою міндеттелді. Жеке құрамға қызметтік міндеттерін орындау кезінде тәртіпті, заңдылықты және азаматтарға сыпайы қарым-қатынасты қатаң сақтау тапсырылды. Тексеруден кейін полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін орындауға кірісті.