Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы болып Жанат Утебаева тағайындалды. Қала әкімінің орынбасары Е. Білісбеков басқарма басшысын ұжымға таныстырып, тұрғын үйге қатысты бірқатар мәселелер бойынша жиналыс өткізді. Жиын барысында халықты баспанамен қамтудың басым бағыттары талқыланып, жауапты мамандарға тапсырмалар берілді. Сонымен қатар тұрғын үйлерді ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын одан әрі жандандыру жайын сөз етті.- «Халықты баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі. Сондықтан осы салада қызмет етіп жүрген әр азаматтың ісі маңызды әрі жауапкершілігі орасан. »,- деді Ерғали Дәулетбекұлы.
Шымкент тұрғын үй басқармасы