Шағын футболдан турнир өткізіліп жеңімпаздар марапатталды

Жастар біздің мемлекетіміздің болашағы және оларды тәрбиелеу біздің басты алға қойған мақсатымыз. Бұл бағыт бойынша біздің елде үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр және оның ішінде азаматтық қорғау органдарында да түрлі тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізілуде.

Осы орайда Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир бастау алып өз мәресіне жетті. Жарысқа 12 команда қатысты.

Жарыстың ашылуы Шымкент қаласы, Шағала мөлтек ауданы, н/з үй мекенжайы бойынша орналасқан «Chaplins Sport Club» спорт кешенінде өтті. Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығы азаматтық қорғау полковнигі Д.К. Райханов жарыстың ашып және қатысушыларға жеңіс тіледі.

«Бұл жай ойын емес, спорттық шеберлік деңгейлерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және спортты дамыту. Футбол – ұжымдық ойын, бұл жерде командалардың үйлесімділігі, ұжым үшін жауапкершілік сезінуі – дәл өрт сөндіруші-құтқарушылардың жұмысындағыдай, сондықтан да футболдан пайда көп», — деп атап өтті.  

Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөліністері арасында шағын футболдан өткізілген спартакиадаға қатысушылар өздерінің физикалық және техникалық дайындықтарының жоғары деңгейін көрсетті. Тартысты жарыстың жеңімпаздарын мамандандырылған жасақ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н. Таукеев салтанатты түрде марапаттады.

Шағын футбол турнирі бойынша бірінші орынды Шымкент қаласындағы №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы иеленді, екінші орында – №5 өрт сөндіру бөлімінің командасы, үшінші орында- №4 өрт сөндіру бөлімінің командасы болды. Сондай-ақ «Үздік шабуылшы» номинациясына Шымкент қаласы ТЖД командасынан Қ.Есенбек ие болса, мамандандырылған жасақ қызметкері М.Құлжанов «Үздік қақпашы» атанды, ал «Үздік ойыншы» номинациясын №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен М.Стамкулов иеленді.

Командалық және жеке есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медальдармен, бағалы сыйлықтармен, сондай-ақ шағын футболдан бірінші орын алған команда ауыспалы кубокпен марапатталды.