2022 жылғы 21 мамырда сағат 11:36-да «101» пультіне Еңбекші ауданы, Ғани Иляев көшесі, 142 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін
жарылыс салдарынан «Меж больничная 138 дәріхана» ЖШС-не тиесілі 2 қабатты жеке тұрған ғимаратта өрт шыққаны анықталды. Ғимараттың жалпы ауданы 360 шаршы метр қабырғалары кірпіштен қаланып, төбесі ағаш жәшікке салынған. Сағат 12:06-да өрт ауыздықталды. Өрт аумағы шамамен 55 шаршы метр.
Жарылыс салдарынан 130 шаршы метр аумақта ғимараттың ішінара құлауы орын алды. Сондай-ақ 5 қабатты тұрғын үйдің жанындағы пәтердің балконы мен терезелері және 7 жеңіл автокөлік зақымдалды.
Өрт сөндірушілер оқиға орнында ер адамның мәйітін тапты. Оның жеке басы анықталуда, алдын ала мәлімет бойынша күзетші.
ТЖ жоюға ТЖД 37 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды.
Жарылыстың себебі анықталуда, ТЖ жою жұмыстары жалғасуда.
- ҚР ТЖМ баспасөз қызметі*