Меркі май және сыр шығаратын үлкен зауыттың жұмыс жасап жатқанына бірнеше жыл болды. Сапалы өнім шығару зауыттың басты қағидасы. Осы мақсатта республика көлемінде өткізілген додасында Меркі майзауытының атынан барған Кулиба Көкребаевна өзгелерден дараланып, бәйгенің 1 орынынан көріне білді. Марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 8 қазан күні өткізілген. Бірінші орынды иеленген Кулиба Көкребаевна мақтау қағазымен мадақталып, төсбелгі табыс етіліп, ақшалай сыйлықтарға ие болды, сондай-ақ “Меркі ірімшік зауыты” ЖШС директоры Айтүленов Дастан Тұрсынұлында төсбелгі табыс етілді.
Меркі майзауыт ұжымын, дода жеңімпазын құттықтау үшін облыстан арнайы қонақтар келді. Олар облыстағы “Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіптік одағы” Жамбыл облысы бойынша төрағасы Данияров Базантай Рахмашевич және оның орынбасары Сағынбеков Маратбек Мұхтарбекович. Алғашқы болып Данияров Базантай Рахмашевич сөз сөйледі. Сөз барысында бірнеше жайттарға тоқталды: Сіздердің ұжымдастарыңыз біршама қатысушылардың арасынан топ жарды. Бұл біз үшін қуанышты жаңалық. Сіздердің ынтымақ, бірліктеріңіздің арқасы. Дегенмен бұл тек қана Кулиба Көкребаевнаның жеңісі емес, ол осы зауыт ұжымының жеңісі. Барлықтарыңыз ат салыстыңыздар. Әрине біз болып, сіз болып осы жеңіске жетіп отырмыз. Енді Кулиба Көкребаевна « еңбек озат» атты медальді әкеліп отыр. Соны кеудесіне тағуға рұқсат етіңіздер. Сонымен қатар «Еленген еңбегі үшін» атты төсбелгіні де тағуды жөн санап отырмыз. Құрметті қонақтар бұл тарихи жайт. Облыста алғаш болып иеленіп отыр,- деп сөзін қорытындылады. Келесі сөз тізгіні Кулиба Көкребаевнаға берілді. Сөз кезегінде: Барлықтарыңызға рахмет. Құрметті ұжымдастар бұл барлығымыздың жеңісіміз. Сіздерге алғысым шексіз. Әрине, біздің зауыт өте сапалы өнімдерді шығарады. Сондай-ақ құны мен құнарлығы ешқашан төмендемейді. Ары қарай да солай жалғасады деген сенімдемін,- деп сөзін аяқтады.
Меркі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі