Жамбылдық полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігінің  айлығы  басталғаннан  бері  2000-ға жуық жол қозғалысы ережесін бұзушылықты анықтады

Ағымдағы жылдың 18 шілдесінен бастап «Жол қозғалысы  қауіпсіздігi»  айлығы басталды.

Іс-шараның мақсаты-жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілердің назарын жол ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару.

Айлық барысында «Батыс Еуропа — Батыс Қытай «республикалық автожолында тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқарады, яғни бекітілген автожол учаскелерінде тәулік бойы патрульдеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ,  көліктердi тексеріп,  түсіндіру әңгімелерін жүргізеді.

Бүгін патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеевтын басшылығымен бірқатар алдын алу іс-шараларын өткізді.

ПД  ЖПҚ бастығы автомагистраль арқылы өтетін көліктердi тоқтата отырып,  жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі  туралы ескертіп, жол қозғалысы ережелері жазылған бүктемелер мен жадынамаларды ұсынды.

— Біздің облыста жол-көлік дерегі  40,9% — ға өскен. Ағымдағы жылдың 6 айында 700-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Олардың көпшілігі жүргізушілердің физикалық шаршауымен,  белгіленген жылдамдықты арттырумен және маневр ережелерін бұзумен   байланысты орын алуда. Адамдар барлығына үлгеруге тырысып,  жол ережесін сақтау қажеттілігін елемейді. Ал, мұндай асығыстықтың соңы ауыр қазаға әкеп соғатынын көрсетіп отыр. Жыл басынан бері облыстың автожолдарында 128 адам қаза тапты. Біздің мақсатымыз — барлық азаматтардың назарын осы мәселеге аударту және бір қателік бірнеше адамның өмірін алып кетуі  мүмкін екенін ескерту — деді   полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері акцияның 2 күнінде 2000-ға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты тіркеді және мас күйінде көлік құралын басқарған 11 жүргізушіні анықтады. Айыппұл тұрағына 33 автокөлік қойылды.

ЖО ПД баспасөз қызметі