Кездесуге Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлы, Ішкі саясат бөлімі, «Қоғамдық келісім» КММ Келес аудандық филиалының басшысы Тленов Полатбек, Қоғамдық келісім кеңесі төрағасы Нұртаев Лесбек, Аналар кеңесі төреайымы, этномәдени орталық мүшелері, жастар орталығы қатысты. Жиын барысында «Зайырлылық» ұғымына кеңінен тоқталған Досай Тұрсынбайұлы оңтүстік өңірлерінде этноәлеуметтік үрдістің дамуының негізгі бағыттарына сарапшылық баға бере отырып, этносаралық қақтығыстардың алдын алудың заманауи әдістері, модельдері, теориялық және практикалық аспектілері бойыншы баяндама жасады. Сонымен қатар Қазақ мұсылмандығының басқа мұсылмандық формаларынан ерекшелігі оның «діни танымы» мен «діни тәжірибесі» тұрғысында ислам дінін қазақ халқының ойлау жүйесінің шаблонына айналғанын жан-жақты мысалдармен жіктеп берді.Өткізілген семинардың басты мақсаты — этносаралық қатынастарды және этносаяси жағдайды зерттеу, отандық патриотизмді қалыптастыру, ғылыми зерттеу арқылы қоғамдық тұрақтылыққа шақыру, мемлекеттiң тәуелсіздігін, интеграциялық саясатты насихаттау.
Келес ауданы ішкі саясат бөлімі