Ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өтті. Спорттық шараға қиын да қауіпті ішкі істер саласында қызмет етіп, зейнет демалысына шыққан қасиетті Түркістан өңірінің ардагерлері спорт сайысыныңқатысты.
Жарыстың мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау мен ынтымақтастықты нығайту. Аталмыш жарысқа 5 команда қатысып, тартысты ойын үлгісін көрсетті.
Командалық есеп нәтижесінде І-орынды Шымкент қаласының мамандандырылған күзет басқармасының ардагерлерінен құрылған команда иеленді. ІІ-орынды Ордабасы ауданы, ал ІІІ-орынды Бәйдібек ауданының ардагер полицейлері қанжығалады.
Спорттық шара соңында жеңімпаз атанған команда мен үздік деп танылғандар ардагерлерге арнайы тағайындалған алғыс хаттар мен кубок, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.