Футболдан жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтті

футбол

Түркістан қаласында 13-14 жастағы жасөспірімдер арасында облыстық біріншілікте қала әкімінің кубогі сарапқа салынды. Дүбірлі додаға Жетісай, Түлкібас, Сайрам, Созақ, Шардара аудандарымен қатар, Кентау және Түркістан қаласынан жиналған 16 команда қатысты.

Жарыс нәтижесінде Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» футбол командасы 1-орынға ие болды. Жүлделі 2-орынды Сайрам ауданы командасы иеленсе, 3-орынды Шардара ауданынан келген спортшылар жеңіп алды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі