«Ғажайып планета»

Білім саласы: Таным, шығармашылық.

  Ұйымдастырылған оқу қызметі:

Ғылыми ашылымдар орталығы: Қоршаған ортамен таныстыру  « Ғажайып планета»

Әлеуметтік қиял ойындар орталығы

Жапсыру: «Зымыран жасау»

Құм мен су орталығы

«Жұлдыз жасау»

Мақсаты: Планета әлемі тұралы білім беру, ойлау, қабілеттерін сөздік қорын байытуын, тілдерін дамыту. Қупия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Өз ойларын толық жеткізіп, әнгімелеу дағдыларын пысықтау. Өз беттерінше жапсыру, жеке жолдарын ойлап табу, дағдыларын қалыптастыру.

Балалардың ақыл-ой белсенділігін күшейтіп, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Құммен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Міндеті: жағымды қасиеттерін дамыту,алған пікірін айта білу арқылы қорытындылауға үйрету.

Көрнекі-құралдар: Суреттер, глобус, телескоп, ай мен күн глобус, магнитафон, үлестірмелі заттар.

Әдіс-тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау түсіндіру, өлең, мақал-мәтел, тақпақтар айту, бағалау.

Инклюзивті әлеумет: жеке-жеке түсіндіру, көмек беру.

Кіріспе

— Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болғалы тұр.

— Бүгінгі күніміз сәтті өту үшін, бір-бірімізбен жүрек жылуын бөлісейік.

Танғы жиын

Табиғатымыз тамаша

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап

Жүрейікші балаша

Сәлем саған нұрлы күн!

Сәлем саған жер ана!

Қайырлы таң достарым.

— Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Бір зат бар дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс,жүгірген аң бәріне тең.

Адамзат, жан-жануар арасында

Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.

Ол не балалар?

— Жер.

— Жарайсыңдар балалар!

Әр адамның өзінің үйі бар.

Әр жануарлардың мекені бар.

Әр өсімдіктің өзінің өсетін жері бар.

-Барлығының ортақ үйі жер деп аталады. Біздер де өмір сүреміз.

Айсултан: — Табиғат егіз адаммен.

                       Ұқсастық табам содан мен.

                       Мәңгілік болып егіздер.

                       Жер-ана, көк теңіздер.

Арсен:      — От та, су да, ауа да.

                     Жан-жануар барлығы.

                     Орман теңіз тауларда.

                     Табиғаттың байлығы.

Али:           — Аспан-аспан арайлым.

                      Қызыға соған қараймын.

                      Сені көзбен шаламын.

                      Көктін жүзін барлаймын.

-Жарайсыңдар балалар!

Үлкен жерді аралау үшін көптеген айлар қажет. Біздің ғалам шарымыз — ол жер. Ол өте үлкен, мына глобус жердің моделі түрлі-түсті бояулар бейнеленген. Балалар түрлі-түсті бояулар нені білдіреді.

— Балалар көк түс нені білдіреді?

— Теңіздер мен мухиттарды.

— Балалар сары түс нені білдіреді?

— Шөл даланы білдіреді.

— Жасыл түс нені білдіреді?

— Ормандарды білдіреді.

— Қоңыр түс нені білдіреді?

— Биік-биік тауларды білдіреді.

— Жарайсыңдар балалар! Планетаны зерттейміз ба?

— Зерттесек, зерттейік.

— Қане, сендерді, орталықтарға шақырамын.

 Бізде бүгін- Ғылыми ашылымдар, Әлеуметтік қиял ойындар, Құм және су орталықтары жұмыс жасайды.

Негізгі бөлім:

Ғылыми ашылымдар орталығы: (Гулсым Рахбайқызы)

— Балалар далада жапырақтар сарғайып түсіп қалыпты. Жапырақтар сарғайса, күн салқындаса, қандай мезгіл болғаны?

— Күз.

Арсен: — Келді міне күз,

                Айнала сары түс.

                Керемет, тамаша.

                Қандай әсем  күз!

-Қандай жұмбақ білесіңдер?

Әсел:  — Бір жерінде ыстық,

               Бір жерінде суық.

               Бір жерінде күн.

               Бір жерінде түн.

-Жер шары.

-Жер шарында кімдер өмір сүреді?

— Адамдар, құстар, жануарлар, өсімдіктер, ағаштар.

— Қай ғаламда өмір сүреміз?

— Жер ғаламында өмір сүреміз.

Нұршуақ: — Жердің серігі Ай,тіршілігі бар планета Жер. Меркурий, Шолпан, Марс, Жер, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун планеталарға жатады.

Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.

Планетаның пішіні шар тәріздес келеді, және барлығы да өзінен айналады.

-Қандай жұмбақтар білеміз Күн, жұлдыз, ай туралы?

Нұршуақ: — Таңмен көзін ашады.

                      Нұрын шашады.  (Күн)

Арсен: — Күндіз бәрі қашады.

                Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)

                 Көлде жүрген ақ үйрек.

                 Түнде бар да, күндіз жоқ.  ( Ай )

— Жер ғарыштан әдемі көгілдір шар болып көрінеді. Жер ауасы мен суы бар.

—  Балалар алдарыңда пикторина ойыны бар. Бұл жерде суреттер бар. Бізді айнала қоршаған дүниенің бәрін біз бір сөзбен айтқанда «бүкіл әлем» және «бүкіл ғалам» деп атаймыз. Енді осы суреттерді көріп бір-бірін тапсақ жарық жанады.

— Ал Каусар мен Амира сендер қағаз бетіне өздерің планетам, жерім, елім қандай болсын деп армандайсыңдар. Соны қағаз бетіне саласыңдар.

— Міне, балалар біз бүгін айналамыздағы қоршаған дүниенің бір сөзбен айтқанда «Бүкіл әлем» немесе «бүкіл ғалам» деп атаймыз. Сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Сергіту жаттығулары.

Қорытынды ашық алаңда.

Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Балалардың жұмысын бағалап, мақтап-мадақтайды.

  Тәрбиеші: Игембаева Г.Р. Мектеп алды даярлық тобы