Тұранда  «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 8 спорт  және 14 балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференцияда айтты.

Тұран ауданы бойынша 2023 жылдың 10 айында 21 елді мекенде 48 кездесу өткізіліп, 225 мәселе көтерілді. Оның 172 мәселесі шешілсе, 67 мәселе бойынша жұмыстар атқарылуда.

Оның ішінде 29 мәселе жыл соңына дейін орындалса, 38 мәселе 2024-2025 жылдарға өтпелі.

Бүгінгі таңда Тұран ауданы аумағында жауын-шашын кезінде көшелерді су басу қаупі бар жерлердің мәселесін шешу мақсатында тұрақты түрде қарқынды жұмыстар атқарылуда.

2023 жылдың басында арық орнату қажет 48 көше анықталған болатын. Биылғы жылы 41 көшеге ирригациялық арық салу жоспарланса, қазіргі таңда 36 көшеде құрылыс жұмыстары аяқталды.

2023 жылы Тұран ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар және 12 спорт алаңшасын орнату жоспарланған.

Қазіргі уақытта 14 балалар ойын алаңшасының, 8 спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, қалған 6 балалар ойын алаңшасы мен 4 спорт алаңшасының құрылысы жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.

Сондай-ақ Тұран ауданында тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында – биыл 39 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Он айдың есебі бойынша 38 көшеге асфальт төселді. Аудан әкімінің айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Тұран ауданында 2023 жылдың 10 айында 39 көшеге (32,3 шақырым) орташа жөндеу (асфальтау) жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

– Бүгінде оның 38 көшесіне (31,1 шақырым) асфальт төселді.

Қазығұрт елдімекендегі Айшықты көшесінің құрылысы аяқталған. Карл Маркс шағын ауданындағы Бадам-1 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орталықтағы Байтіленов, Үркімбаев көшелеріне де асфальттау жұмыстары жүргізілді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Құрсай шағын ауданы бойынша 43 көшеге 16,4 шақырым жоспарланған. Бүгінгі таңда 42 көшенің шағал тас төсеу жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ Тұран ауданы аппаратымен 22,8 шақырымды құрайтын 58 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.