Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халық даналығында «Бірлік түбі – береке» деген нақыл сөз бар. Біздің жеткен жетістіктеріміздің түп қазығы татулық пен бірлігімізде.Елімізде бүгінде 140-тан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
Кезінде талай рет елдің басына туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған – ынтымағы мен бірлігі.
«Іргесі берік елді жау ала алмас, ауызы бір елді дау ала алмас» деген бабадан жеткен дана сөз бар.
Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз толымды істеріміздің ұйытқысы бола берсін! Мерейлі мерекеде шын жүректен баршаңызға бақбереке, ашық аспан, отбасыларыңызға амандық, кемел келешегімізді нығайтудағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Әрқашанда еліміздегі ұлтаралық татулық берік, ынтымақ пен бірлік мәңгі болсын!
Сапархан Умаров
Арыс аудандық сотының төрағасы