1 қазаннан бастап Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы қазақстандық тоқыма өнімдерін экспорттаушыларға бақылау сәйкестендіру белгілерін (БСБ) алу қызметін көрсетеді. Жаңашылдық қазақстандық экспорттаушыларға тоқыма бұйымдарын танымал маркетплейстерде (Wildberries, Ozon, тағы басқалары) таңбалауға жағдай жасайды. Бұған дейін қазақстандық экспорттаушылардың мұндай мүмкіндігі болмаған.
Бақылау сәйкестендіру белгілерін алу қазақстандық компанияларға өз тауарларын Ресей нарығы үшін таңбалауға мүмкіндік береді. Міндетті таңбалаудың негізгі атрибуты GTIN болып табылады, бұл БСБ құрамына кіретін тауардың бірегей халықаралық нөмірі. Егер ол Қазақстанның экспорттаушыларында жоқ болса, оны GS1 Kazakhstan қауымдастығы арқылы алуға болады. GTIN ұсыну қызметі ақылы, оның Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторының қызметіне қатысы жоқ.
Бір бақылау белгісінің құны ҚҚС есебімен 2,9 теңгені құрайды. Қызметті пайдалану үшін қазақстандық өндірушілер мен экспорттаушыларға:
- тауар экспортының ақпараттық жүйесінде (ТЭАЖ) тіркелу;
- тауар картасын толтыру;
- жеке шотты толтыру және бақылау сәйкестендіру белгілерінің қажетті санын алуға өтінім беру қажет.
Осыдан cоң олар бақылау сәйкестендіру белгілерін басып шығарып, шетелге жөнелтілгенге дейін өнімге қолдана алады.
ТЭАЖ-да тауарды экспорттауға құжат рәсімдеу үшін Ресейдегі алушының дерегін көрсету қажет. Жүйе деректі ресейлік таңбалау операторына жібереді, осыдан соң алушы өзінің жеке кабинетінде тауарды алғанын растайды, бұл тауарды айналымға шығаруға мүмкіндік береді.
Вебинарларды көру, сондай-ақ қызметтің функционалымен толығырақ танысу және анықтамалық бейнематериалдарды алу үшін сілтемеге өтіңіз.