Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстегі татуластыру рәсімдері

Қазақстанда жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) қабылданды. Бұл – мемлекеттік қызметшілерді өз міндеттеріне аса жауапкершілікпен және адал қарауға міндеттейді. Жаңа кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді. Оның басты мақсаты – мемлекеттік органдармен даулар кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Қарапайым тілмен айтқанда, әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтар мен билік басындағылардың құқықтарын теңестіреді. Бүгін тұрғындар мемлекеттік органға пошта және ғаламтор ХҚКО-да «е-Нәтиже» жүйесі, ашық әкімдіктер мен egov.kz сайтындағы «Электрондық өтініштерде» жүйесін қолдану арқылы талап қоя алады.  Сонымен қатар, біз қазір «e-Өтініш» жаңа электронды қосымшасы енгізілді. Бұл жүйе бүкіл республика бойынша шағымдарды қабылдайды және өңдейді. Телефонда екі-үш пернені басу арқылы адам өзінің өтінішін мемлекеттік органдардың қарастыру барысын бақылай алады. Жалпы конституциялық нормалармен бірге әкімшілік сот төрелігінің мүлдем жаңа қағидаттары енгізілді: сенім құқығын қорғау, тең құқылық, ресми талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу және соттың белсенді рөлі. Ал судья бұл жолы белсенді рөлде болады. Оның басты міндеті – азаматқа көмектесу.

Прокурорлар тек төрт іске қатысатын болады: салық, кеден, экология, бюджет. Мемлекеттік орган мен өтініш беруші жалғыз қалады. Мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі едәуір артады. Заңдар кодексі екі бөлімнен тұрады – процедуралық және процессуалдық. Біріншісі апелляция алған кезде барлық процедуралардың қалай орындалғанын және оған жауаптарды қадағалайды. ӘРПК-нің екінші бөлімі дауларды сотта қарауға арналған. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне Мемлекет басшысы 2020 жылы 29 маусымда қол қойды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік Кодексі азаматтардың құқығын қорғаумен қатар, жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдар арасында туындаған дауларда теңсіздікті жоюға бағытталған.

Кодексте жария-құқықтық қатынастардан туындайтын бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды немесе заңды мүдделерді қорғау және қалпына келтіру мақсатында сотқа берілген талап ретінде әкімшілік талап ұғымы көзделген. Осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары мемлекеттік, әкімшілік органдар, лауазымды тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Бұл кодекс азаматтарға мемлекеттік органмен дауды сотқа дейін де шешуге мүмкіндік береді. Яғни, уәкілетті органның актісімен немесе шешімімен келіспейтін азаматқа заңды құқықтарын қорғау мақсатында  дәлелдемелерді ұсынуға мүмкіндік беріледі.

Әкімшілік  рәсімдік- процестік  кодекс қабылдау мақсаттары басқарушылық қызметте конституциялық құндылықтарды жүзеге асыру, мемлекетпен қатынастарда азаматтардың жария құқықтарын іске асыру және қорғау, мемлекеттік әкімшіліктің тиімділігін арттыру, әкімшілік құқықты жүйелеу болып табылады.

Әкімшілік  рәсімдік- процестік  кодекс әкімшілік орган мен оған қатысты осы әкімшілік органның заңмен белгіленген жария функциялары іске асырылатын адам арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған. Татуласу мәселесін әкімшілік органның, лауазымды адамның шешімдерінен кейін ғана  білдіре алады.

Әкімшілік сотта ең жақсы көрсеткіштер сот орындаушылардың іс-әрекеті бойынша туындаған даулар бойынша медиация тәртібін рәсімдеу жақсы жетістіктерге жетіп отыр, Оның негізгі себебі татуластырушы-судья алдын ала іс бойынша өз пікірін білдіріп, заңсыз немесе негізсіз әрекет жасалғанын білдіреді. Соның салдарынан тараптар дауды тез шешуге ат салысады.

Жеке сот орындаушы ешкімге бағынышты емес, заң талабында әкімшілік акт қабылдауға құқылы.

Бірақ кейбір жағдайлар да, қарапайым адамдарға қарағанда олардың заңды өкілдері істі созбалаңға салып, келіспей, сот орындаушыларды заңды түрде жазалауды мақсат тұтады. Сот актілерін орындамау үшін сотқа негізсіз талаптар беріп жататын көп жағдайлар кездеседі. Мұның өзі қоғамда әлі заңды құрметтеу оны орындау бәрімізге ортақ міндет екенін түсіне білмейтін азаматтардың бар екендігін көрсетеді.

Дауласқандардың бітімге келуі сотқа да, халыққа тиімді екенін түсініп, дауларды сотқа жеткізбей-ақ бітімгершілікпен шешу мәселесіне бәріміз атсалысқанымыз жөн.

Шымкент  қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Әсем Қапарбекова