Медиация мәмілеге келтіреді

Медиация кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Жиын барысында кеңес мүшелерімен екінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Қазіргі кезде қалада 4 медиация орталығы жұмыс жүргізеді. Олардың қызмет аясы Шымкент қаласы мен Түркістан облысын қамтиды. Маманданған медиация орталықтары мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ықпалдастық байланыстары бар.

Осы орталықтардың 9 медиаторы қалалық ассамблея жанындағы медиация кеңесінің құрамына енгізілген. Бүгінде Ассамблея медиаторларының тізіліміне 12 кәсіби және қоғамдық медиаторлар еніп, этномедиация ұғымын ілгерілетуге қызмет атқаруда. Қазіргі таңда, халық арасындағы түсіндіру жұмыстарына 6 – кәсіби, 6 – қоғамдық медиаторлар тартылған.