Түркістан облысының Әділет департаментінде Департамент басшысы Мұхит Тұрғараевтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша 2022 жылы оқуға түсу ережелерімен ақпараттандыру»тақырыбындағы кездесу өтті.Аталған шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Айнур Идрисова мен департаменттің құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері және ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің басшылары қатысты.Кездесудің мақсаты- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппарат басшысы А.Умбеталиевпен бекітілген 2022 жылға арналған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспарының 2-тармағында көрсетілген персоналдың сапалы құрамы бойынша көрсеткіштерді жақсартуды қамтамасыз ету және кадрлардың сапалы құрамын жақсарту мен қызметкерлерді оқуға жіберуді қамтамасыз ету болып табылады. Бұл бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Айнур Идрисова баяндама жасады. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша 2022 жылы оқуға түсу ережелерімен ақпараттандыру» видеоролик көрсетілді.
Түркістан облысының Әділет департаменті