Үздік тұлға

Алипбек Балжан Мадиқызы 1963 жылы 2 сәуірде Түркістан облысының Мақтаарал ауданында дүниеге келген.

1986 жылы Шымкент педагогика институтын «Тарих және қоғамтану», 2001 жылы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-ды «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

1980-2021 жылдар аралығында Шардара ауданының орталық кітапханасында кітапханашы, Достық орта мектебінде мұғалім, директордың орынбасары, Достық ауылдық кеңесінің төрайымы, Достық ауылының әкімі, Шардара ауданының АХАТ бюросының меңгерушісі, Шардара, Қазығұрт аудандарының әділет басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқаруда.

Марапаттары: ҚР ӘМ «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін медалімен, ІІ дәрежелі «Заңгер» төсбегісімен, ҚР Әділет министрінің, ОҚО әкімінің, ОҚО Әділет департаментінің, Түркістан облысы әкімінің, Түркістан облысы Әділет департаментінің Грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталған.

Түркістан облысы Әділет департаменті