Қала прокуратурасының бастамасымен үлескерлердің мәселелерін шешу бойынша кеңес өткізілді

Кеңес жұмысына елордалық Экономикалық тергеп-тексеру, Полиция департаменттерінің, сондай-ақ Қалалық орта сапасы және бақылау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармаларының басшылары қатысты.

Қазіргі уақытта үлестік құрылыс проблемаларына байланысты бірқатар қылмыстық істер тергелуде.

Қала прокуратурасының тапсырмасына сәйкес олар бойынша жедел-тергеу топтары құрылды.

Қала прокуратурасының нұсқауымен құрылыс компанияларының 2 басшысына «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық қудалау органдары азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету үшін құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамдар мен олардың мүлкін анықтауға бағдарланған.

Қылмыстық істерді тергеу барысы қала прокуратурасы басшылығының бақылауында.