Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл

Әлеуметтік желілерді мониторинг жасау кезінде Астана қаласының прокуратурасы «Telegram» арнаға сілтемелері бар «Halyk Invest», «ҚазМұнайГаз», «Халал доход» кәсіпорындары және басқаларына қатысуға, инвестициялауға, криптовалюталық әмияндарды сатып алуға және сатуға шақыратын жарнамалық роликтерді анықтады.

Елордалық прокуратураның нұсқауы бойынша профильді Министірлік капиталды ұлғайту бойынша күмәнді инвестицияларды жарнамалайтын аталған жалған компанияларды бұғаттады.

Прокуратура азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге, ешкімге өзінің дербес деректерін, банк карталарының деректемелерін, кодтар мен құпия сөздерін, оның ішінде банктердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып танысатын адамдарға хабарламауға шақырады.

Капиталды тарту және көбейту жөніндегі топтар мен фишингтік сайттарға кірмеуге, нарықтық құннан төмен тауарларды сату туралы хабарландыруларға жауап бермеуге кеңес береміз.