Тазалық –денсаулық кепілі. Айналамыздың тазалығы халықтың денсаулығы үшін өте маңызды. Елді-мекендерде тазалық сақтау, ауланы абаттандыру сол жердің билігі мен тұрғындарының міндеті. Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен өлшенбейді. Қаланың таза , әдемі әрі жасыл желекке оранып тұруы әрбір адамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Осы ретте Төлеби аудандық қоғамдық кеңесінің тұрғын үй қатынастары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, инженерлік коммуникация мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Ә.Әбдіхалықов пен мүшелері Т.Сарбасов, Ә.Нарбаев, М.Құрбанқұлов және Ленгір қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы А.Тағабаевпен бірлесе қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес Ленгір қаласындағы көпқабатты үйлердің келбетін көріктендіру және қаланы дамыту, көгалдандыру бойынша тиісті мекемелердің атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.
Қоғамдық кеңес мүшелері Ленгір қаласы аумағындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды жақсарту, ілгерілету мақсатында А.Тағабаевқа ұсыныс талаптарын айтты. Ленгір қаласының тазалығы, көріктендіру, абаттандыру бойынша іс-шаралары кеңес мүшелерінің басты назарларында болады.