Төлебиде «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» акциясы отбасылық спорттық сайыстарға ұласты

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында Түркістан облысы Төлеби ауданы Киелітас елді мекенінде мектеп оқушыларының қатысуымен «Отбасым — бақыт мекенім» тақырыбында фото және сурет салу байқауы өтті. Аталған шараға Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы Асылхан Төреханов және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы Жанар Қалабаева қатысты. Жасөспірім оқушылардың жақсы деп танылған суреттері мен фотолары жүлделі орындарға және түрлі номинацияларға ие болды.

Сайысқа қатысушы жастарды департамент басшысы Асылхан Төреханов Төлеби аудандық полиция бөлімінің басшысы атынан берілген алғыс хаттар және дипломдармен, сый – сыяпаттармен марапаттады.

Сондай-ақ оқушылар өздерінің тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы екендерін флеш-моб арқылы да жеткізе білді. Айта кетерлік бір жайт, одан бөлек мектептің спорт залында салауатты өмір салтын насихаттап, зорлық – зомбылықтың алдын алу үшін отбасылық жарыстар ұйымдастырылып, жеңіске жеткен отбасыларға мектеп тарапынан сый-сияпаттар табыс етілді.