Қаратаулықтар қала тазалығына бей-жай қарамайды

қала тазалығына бей-жай

Қала тазалығы тұрғындардың жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар Қаратау ауданында да жоспарға сай жүргізілуде. Соңғы уақытта ауданда көше тазалау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Мұндағы мақсат – тұрғындарға қолайлы және санитарлық талаптарға сай ортаны қалыптастыру. Қазіргі таңда мекемелер тарапынан орталық көшелерді тазалауға әр ауданда 50 адамнан тұратын бригадалар құрылған. Олар халық көп жүретін қоғамдық орындар мен аялдамаларды, жол жиектерінің тазалығына жауапты. Қазір көктемгі маусымға байланысты арықтар мен жол жиегіндегі шөптер де тазартылып жатыр. Тазалық жұмыстарына оқу орындарындағы жастар ұйымдарының да тартылып жатқанын айта кетейік. Бұл – бір жағынан алғанда экологиялық мәдениетті дамытуға, екінші жағынан алғанда қоғамның белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Әрине, тұрғындар да бұл іске өз үлестерін қосып, өздері тұратын көпқабатты үйлердің маңайын тазартуға атсалысуда.

Ағымдағы жылы ағаш отырғызу маусымында қаланың жасыл белдеу аймағына 100 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды және орталық көшелерге 14 мың дана ағаштың 2 мыңы егілді. Балалардың дені сау әрі бақытты болып өсуі үшін оларға қауіпсіз әрі қызықты ойын алаңшалары қажеті. Биыл Абай саябағына,  Металлург саябағына және Алатау саябағында балалар алаңшалары салынбақ.

Мегаполистегі бұрынғы аумағы 45 гектарды құрайтын ескі қоқыс полигонының орнына экологиялық саябақ құрылысы басталды. «Эко саябақ» аумағында амфитеатр, фонтандары бар жасанды су қоймасы және белсенді демалысты ұнататындар үшін спорт алаңы, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары қарастырылған. Жобаның жалпы құны 5 млрд теңгені құрайды. Бұл жұмыстардың барлығы демеушілер есебінен жүзеге асырылуда. Бұйыртса, «Эко саябақ» тұрғындарға таза ауада демалуға мүмкіндік беріп қана қоймай, табиғатпен үйлесімді өмір сүрудің үлгісін көрсететін игі жоба болмақ.